Отандық телеарналар Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Отандық телеарналар Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстандық телеарналар Париждегі 33-ші жазғы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды 24kz.

Төрт жылдықтың басты бәсекесін көрсету құқығын отандық 5 телеарна иемденді. Спорт сүйер қауым байрақты бәсекені «Хабар», «Еларна», «Qazaqstan», «Qazsport» және «Жібек жолынан» көре алады. Олимпиада ойындарын 5 телеарнадан барлығы 26 комментатор жүргізеді.

Айта кетейік, дүбірлі додада ел атынан 80 атлет 25 спорт түрінен сынға түседі. Лицензия саны – 92.