Әуесқой велошабандоз тағы бір рекорд жасады

Ернат Мелсұлы бұған дейін де екі мәрте рекорд жасаған.

Алғашқыда қақаған қыста 150 шақырымды жүріп өтті. Бұл қашықтықты 2022 жылдың 10 ақпанында 9 сағат 56 минутта өткен. Екінші рекорды «Оразадағы 99 шақырым» велошеруі. Ол 28 градус ыстықта 5 сағат 57 минутта 109 шақырымды басып өтті.

Қуандық Құдайбергенов Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі:

- Ернат бауырымыз атақты, белгілі, жалғыз Қазақстанға ғана емес, әлемге танымал қазір велошабандоз. Сосын көп жағдайда кісілер мән бермейді, ол жай велошабандоз емес, спорт велосипеді емес, трекке арналған велосипедтермен рекордтарды орнатып жүрген, яғни ауыр велосипедтер, көбінесе тау-таспен жүретін велосипедтер. Сондықтан ондай велосипедтердің, былайша айтқанда онымен жүрудің өзі аяққа да, денсаулыққа да әсері ерекше. Ауыр велосипед, көрдіңіз ба.

Жалпы Ернат алғашқы велошеруін Астананың 20 және туған жері Ақтоғайдың 90 жылдығына арнап, бастаған. Содан бері республикалық және халықаралық деңгейде 13 велошеру өткізді. Әріптесіміздің велошабандоз ретіндегі түпкі мақсаты - дүние жүзін велосипедпен аралап, Қазақстанды таныту, елді насихаттау.