Сенат шахмат турнирін өткізіп жатыр

Қарағандыда Парламент Сенаты ұйымдастырған шахматтан ашық турнирдің жартылай финалдағы кездесулері өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Оған барлық аймақтан мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты. Нәтижесінде шешуші сында сайысқа түсетін 25 адам анықталды. Бұған дейін үздік ойын көрсеткен қатысушыларға арнайы сертификат табысталды. «Сенат Оупен» кубогының іріктеу кезеңдері 21 сәуірден бастап Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 15 облыста өтті. Қорытынды тур тамыз айының соңында елордада жалғасады. Оған шахматшылармен қатар өңірлерден 3 мыға жуық мейман шақырылып отыр.