Парижде Олимпиада ойындарының медальдері таныстырылды

Парижде Олимпиада ойындары медальдерінің үлгілері таныстырылды, деп хабарлайды 24kz.

Медель дизайнын Франциядағы ең көне зергерлік үйі жасаған. Ерекше тұсы – әр жүлдеде Эйфель мұнарасы бейнеленген. Ең қызығы, ол мұнараның түпнұсқа сынықтарының балқымасынан жасалған. Осылайша, Ұйымдастыру комитеті жазғы ойындарды Францияның басты нышанымен ұштастыруға тырысқан.

Айта кетейік, дүбірлі додаға жалпы есебі 5084 медаль шығарылды. Әрқайсысының салмағы 455-529 грамм аралығында.