Боксшылардың Олимпиада ойындары тарихындағы көрсеткіші жоғары

Боксшылардың Олимпиада ойындары тарихындағы көрсеткіші жоғары

Қазақстандық спортшылар жазғы Олимпиада ойындары тарихында 71 медаль жеңіп алған деп хабарлайды 24kz.

Оның 14-і алтын болса, 22-сі күміс, қалғаны қола. Әзірге ең үздік көрсеткіш боксшылардың еншісінде.

Спортшыларымыз Олимпиада ойындары тарихында 14 алтын алса, соның тең жартысы боксшыларға тиесілі. Яғни, былғары қолғап шеберлері 7 Олимпиада қорытындысы бойынша 7 алтын иемденген. Алғаш болып 1996 жылы Атлантадағы жазғы ойындарда Василий Жиров топ жарды. Артынша кейінгі Олимпиадаларда Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрайымов, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев, Данияр Елеусіновтер алтыннан алқа тақты.