V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін нысандар дайындалып жатыр
Қыркүйектің 8-і мен 13-і аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді, деп хабарлайды 24kz.
Ауқымды шараға 89 елден екі мыңнан астам адам қатысады деп күтіледі. Бұл ойындар үш бағыт, яғни, спорт, мәдениет және ғылым бойынша өтеді. Ол үшін елордада арнайы 6 нысан дайындалып жатыр. Айтап айтқанда, «Қазанат» ипподромында және Этноауыл аумағында ат жарысы, дәстүрлі садақ ату және құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері бойынша сайыстар өтеді. Ал Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы мен «Алау» мұз айдыны кешенінде ұлттық күрес, жекпе-жек және халық ойындары бойынша мықтылар сынға түседі. «Думан» кешенінде дәстүрлі зияткерлік сайыстар ұйымдастырылады. «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Аккредиттеу және жабдықтау орталықтары орналасады. Ал ғылыми бағдарлама іс-шаралары Ұлттық музейде ұйымдастырылмақ. Жалпы 21 спорт түрінен 100-ге жуық медаль жиынтығы сарапқа салынады.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
«Астана-Арена» стадионы – ашылу және жабылу салтанаты
«Қазанат» ипподромы – ат жарысы, дәстүрлі садақ ату, құстармен аң аулау
Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы – қазақ күресі, көрәш, алыш
«Алау» Мұз айдыны сарайы – асық ату, арқан тарту, ордо, таяқ тарту
«Думан» кешені – дәстүрлі зияткерлік сайыстар
«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені – Аккредиттеу және жабдықтау орталықтары