Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды

Теннисші Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды.

Бұл туралы Қазақстан Теннис федерациясы ресми хабарлады. Спортшының жазғы ойындардан тыс қалуына денсаулығының сыр беруі себеп . Дәрігерлер оған жарысқа қатыспақ түгілі, додаға ұшып келуіне тыйым салды.

Диас ахметшәріп, ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және бақ жөніндегі кеңесшісі:

- Дәрігерлер оған бронхит деген диагноз қойып отыр. Яғни, тыныс жолдарының қабынуы. Еленаға жарыс жолына шығуға және Парижге аттануға қатаң тыйым салынып отыр. Ол қазір дәрігерлердің бақылауында. Толыққанды ем-дом алуда. Әрине, өкінішті. Біз Еленадан жүлде күткен едік. Ол әлемдік үздіктер қатарында. Бірақ ең алдымен денсаулық, сол себепті біз Рыбакинаға тез сауығып кетуге тілектеспіз!