Париж-2024: қазақстандық спортшылардың 27 шілдедегі жарыс кестесі
Париж Олимпиадасының алғашқы ресми жарыс күнінде 14 жүлде сарапқа салынады.
Ал, қазақстандық атлеттер төрт спорт түрінен жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.
Ескерту: жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген
Академиялық есу
Владислав Яковлев
12:00
Нысана көздеу
12:00 – іріктеу, 13:30 – финал
Ислам Сәтпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле
13:30, 15:30 – іріктеу
Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова
Дзюдо
13:00 – іріктеу, 19:00 – жартылай финал, финал
Абиба Әбужақынова, Елдос Сметов
Теннис
15:00
Юлия Путинцева – М.Костюк (Украина)
18:00
Александр Бублик – Т. Фриц (АҚШ)
Спорттық гимнастика
18:30 - іріктеу
Милад Карими, Нариман Курбанов
Тасжолдағы велоспорт
19:32 – финал
Евгений Федоров
Үстел теннисі
00:30 (28 шілдеге қараған түні)
Кирилл Герасименко – Н. Бургос (Чили)
Бокс
00:52
Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаречче (Испания).