Париж Олимпиадасында семсерлесуден жеребе тартылды
Париж Олимпиадасында семсерлесу сайысынан жеребе тартылды. Байрақты бәсекеде спортшыларымыз ерлер мен әйелдер бағытында және командалық кезеңде ел намысын қорғайды, деп хабарлайды 24KZ.
Бірінші болып Вадим Шарлаимов оңтүстік Африка спортшысы Харри Санермен бақ сынасады. Ал Руслан Құрбанов мароккалық Хуссам Элькордқа қарсы сайысады. Ерлер құрамасының үшінші мүшесі Эльмир Әлімжанов Франция өкілі Луиджи Миддлтонмен өзара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ арғы күні әйелдер арасында жерлесіміз Әйгерім Сарыбай алжирлік Чайма Бенадудамен күш сынасады. Ал командалық жарыста қазақстандық семсер шеберлерінің қарсыласы – Венгрия спортшылары.