Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жарысты сәтті бастады

Дзюдодан 66 келі салмақта өнер көрсететін Ғұсман Қырғызбаев жарыс жолын сәтті бастады.

Бәсекелестік аса жоғары саналатын салмақта отандасымыз Испаниялық татами шеберімен жолықты. Қосымша уақытта Вазари ұпайымен жеңген жерлесіміз енді 1/16 кезеңіне өтті. Қазақстандық мерген қыз Александра Ле де Олимпиаданың финалдық кезеңіне жолдама алды. Осы жайында және өзге де атлеттердің аяқ алысын дәл қазір Франция астанасынан тікелей эфирге шығып тұрған Ердана Ержанұлынан білейік. Ол бізбен тікелей байланыста. Cпортшыларымыздың бүгінгі жарыс күні қалай өтіп жатыр?