29 шілдедегі Олимпиаданың жарыс кестесі
Бүгін түскі сағат 12-де қыздар арасындағы семсерлесу өтеді.
Онда Қазақстанның атынан Әйгерім Сарыбай сынға түседі. Нысананы көздеу бойынша Ирина Юнусметова топтық бәсекеде өнер көрсетсе, Никита Чирюкин іріктеу кезеңінен өтпек. Ал Александра Ле ақтық сында бағын сынайды. Нысананы көздеу сайысы түскі сағат 12-ден кете басталады.
Сондай-ақ Владислав Яковлев сағат 12:30-да басталатын академиялық есуден сайысқа түседі.
Дзюдодан ерлер арасындағы 73 келі салмақта Данияр Шамшаев бозкілемде белдеседі. Балуанның өнерін сағат 13:00-де басталатын бәсекеде тамашалай аламыз.
Осы уақытта ерлер арасындағы садақ атудан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Ксения Игнатова жүзуден сайысқа түседі.
Түстен кейін Александр Бублик пен Александр Недовесов үлкен теннистен жарысады.
Кеші сағат 18:40-та Дмитрий Панарин бадминтон ойынында өнер көрсетеді.
Үстел теннисінен Кирилл Герасименко бәсекеге түссе, боксшыларымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Қамшыбек Қоңқабаев түн ауа шаршы алаңда жұдырық түйістіреді.