Сена өзенінің ластануына байланысты триатлон жаттығуы тоқтатылды
Сена өзені жүзу жарыстарын өткізуге жеткілікті деңгейде таза емес, деп хабарлайды 24KZ.
Оған 2 күн бойы жауған жаңбыр себеп болған. Осыған байланысты жексенбіге жоспарланған триатлон жаттығуы тоқтатылды. Олимпиданы ұйымдастыру комитеті Дүниежүзілік триатлон федерациясы мен жергілікті билік жуырда осындай шешім қабылдады. «Су сапасының көрсеткіштері жаттығу іс-шараларын өткізуге қажетті деңгейде кепілдік бермейді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, ерлер арасында триатлон жарысы сейсенбіге жоспарланған. Ал әйелдер сәрсенбіде бақ сынасады. Аралас эстафета 5 тамызда өтуі тиіс.