Дзюдодан ұлттық құрама командасының жетістігі. LIVE
Ұлттық құраманың қоржынына алтын мен қола медалін салып берген дзюдошылардың жетістігін студияға келген мейманымызбен талқыласақ.
Дзюдо федерациясының бұрынғы мемлекеттік жаттықтырушысы, спорт сарапшысы Жандос Әбумүтәліпұлы эфирге келіп қосылды.
- Дзюдодан ұлттық құрамамыз алға қойған мақсат-міндетін 100% орындады ма?
- Елдос арманына жетіп, Олимпиада медальдерінің толық комплектісіне ие болды. Келесі Олимпиадаға қатысуы екіталай шығар. Ал Ғұсман ше? Оның қысқа, орта мерзімдегі жоспары қандай болуы мүмкін?
- Қыздар құрамасы да дзюдодан жақсы нәтижеге қол жеткізіп жатқан сыңайлы. Қыздардың дайындығын жетілдіре түсу үшін тағы не істеу керек?
- Екі олимпиадалық цикл бұрын моңғолиялық Галбадрах Отгонцэцэг қыздар құрамасы сапында өнер көрсетіп, қолаға қол жеткізген еді. Сырттан легионер тарту ұлттық құрама үшін қаншалықты өнімді іс болды?
- Өзіміздің қарагөздер одан асып түсе ала ма?