Олимпиада-2024: Дзюдошыларымыз жеңіліп қалды
Дәл қазір дзюдодан кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
81 келіде өнер көрсететін Абылайхан Жұбаназар алғашқы белдесуінде ұтылып қалды. Ол венгр спортшысымен болған тартысты кездесуде қарсыласына есе жіберді. Жеңімпаз голден скорда анықталды. 63 келідегі Эсмигүл Куюлова да бірінші айналымда сүрінді. Отандасымыз латвиялық дзюдошыдан айласын асыра алмады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әзірге дәл осы спорт түрі бойынша 1 алтын, 1 қола медальмен екінші орында тұр. Мамандар ондай жетістікке елдегі дзюдоның дамуы мен ішкі бәсекелестік себеп дейді.
Жандос Қонысбаев, спорт сарапшысы:
- Олимпиада лицензиясы әлем бойынша сарапқа салынады ғой. Сондықтан үздік 18, 20-лықтың ішіне кіріп үлгерсе... Сонда бізде қарап отырсаңыз, 60-тың өзінде 3 жігіт кіріп тұр ғой. Мұның өзі - осы салмақтағы бәсекенің әлемдік қазанында біздің қазанымыз қатты қайнап тұрғанының дәлелі.