Руслан Құрбанов: Жапон спортшысына бірнеше рет есе жібердім
«Жапон спортшысына бір емес бірнеше рет есе жібердім». Семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Руслан Құрбанов осылай дейді.
Ол Париждегі сәтсіздігіне қатысты себебін Olympic.kz-ке берген сұхбатында айтып берген. Онда Олимпиада кезіндегі ең қиын қарсылас жапониялық Кано болғанын жасырмайды. Ол жарысты сәтті бастағанымен, үшінші айналымнан аса алмады.