Сәкен Бибосынов өзінің алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

https://t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Боксшымыз Сәкен Бибосынов (51 кг) түрік қарсыласы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шықты.

Есеп: 5-0. Келесі кезеңде Сәкен Хасанбай Дусматов (Өзбекстан) пен Хуанма Лопес де Хесус (Пуэрто-Рико) арасындағы жеңімпазбен күш сынасады. Айта кетейік, Сәкен Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Әлем чемпионы және қола жүлдегері. Ал Самет болса Еуропа ойындарының күміс жүлдегері (2023), Еуропа чемпионы (2024).

 

Қазақстан Республикасы Туризм және Cпорт министрлігі