Парижде аптап ыстық: спортшылардың денсаулығы бақылауда

Францияда күн күйіп тұр, деп хабарлайды 24KZ.

Мұнда сынап бағанасы 35 градусқа жетті. Әзірге аптап ыстық спортшылардың жарыс кестесіне кедергі келтірген жоқ. Ойын алаңында спорттық сайыстар жоспар бойынша жүріп жатыр. Бірақ ашық аспан астында өнер көрсететін атлеттерге қиынға тұр. Еліміздің Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық споршылар үшін алаңдауға негіз жоқ. Әзірге олар жабық спорт алаңдарында сайысқа түседі.

Диас Ахметшәріп, ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі:

- Парижде күн ысып тұр. Негізі мұнда аптап орнайтынын біз алдын ала білдік. Спортшыларымыз да дәл осындай жағдайда Олимпиадаға дайындалды. Дәрігерлер олардың денсаулығын бақылауда ұстап, қадағалап отыр. Жиі жылы су ішіп, ашық аспан астында көп жүрмеу ұсынылды.