Қазақстан спортшыларының өнері жоғары бағаланды
Дзюдодан 1999 жылдың әлем чемпионы, Сиднейдегі Олимпиада ойындарының вице-чемпионы, Францияның ұлттық құрамасының бұрынғы директоры, Париждегі дүбірлі додаға қатыстып жатқан қазақстандық спортшылардың жетістіктерін жоғары бағалады. Бұл туралы Ларби Бенбудауд арнамыздың тілшілеріне берген сұхбатында айтты.
Ларби Бенбудауд, дзюдодан 1999 жылғы әлем чемпионы:
- Қазақстандық дзюдоның деңгейі жоғары. Спортшыларыңыз мұны кезекті рет дәлелдеп отыр. Елдос Сметовтің жеңісі – соған мысал. Ол француз спортшысын жеңіп кетті. Бұл біз үшін өкінішті болғанымен, Сметовтің жетістігін мойындау керек. Қазақстанда қанша адамның дзюдомен айналысатынын білмеймін. Бірақ отандастарының жеңісін көрген кішкентай балалар арасында спорттың бұл түрімен айналысқысы келетіндер қатары көбейсін деп тілеймін. Дзюдо бұл жай спорт қана емес, бұл – өмір мектебі.