Олимпиада күнделігі: 5-ші жарыс күнінің нәтижесі

Махмұд Сабырхан алғашқы айналымнан аса алмады, деп хабарлайды 24KZ.

Ал Мария Дмитриенко финалға шықпады. Париж қаласынада жазғы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Cоңғы жарыс күні спортшыларымыз жарқын жеңістерімен қуанта қойған жоқ.

Валентина Хальзова, ұлттық құрама мүшесі:

- Үш раундта да басым болған сияқтымын. Тіпті сенімдімін. Бірақ жеңісті қарсыласыма берді. Өте өкінішті. 4 жыл бойғы дайындығымыз текке кеткендей көрінеді. Бірақ еңсені түсірмеймін. Елге оралғаннан кейін қателіктерді ескеріп, тыңғылықты дайындалып, келесі Олимпиадада есені қайтаруға тырысамын.

Милад Карими, ұлттық құрама мүшесі:

- Жарысты жақсы бастағам. Орта жолда қателікке жол беріп, төмен ұпай алып қалдым. Көпсайыс бәсекесінде мұндай жағдай кәдімгідей кері әсер етеді. Яғни жалпы есепте төменгі сатыларға сырғыдым. Ең бастысы, ешқандай жарақатым жоқ. Енді үшінші тамызда өтетін еркін жаттығу бойынша жекелей сынға дайындаламын.