Назым Қызайбай ширек финалда бақ сынайды. LIVE

Назым Қызайбай келесі кезеңге өтті. Ал, Айбек Оралбай жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды 24kz.

Парижде жазғы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Кешегі жарыс күні қалай өтті? Қазақстандық қыз-жігіттердің аяқ алысы қалай? Анық-қанығын сол жақта жүрген арна тілшісі Аслан Қаженов айтып берсін.

Аслан Қаженов, тілші:

- Тәжірибелі боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия) айқын басымдықпен тізе бүктірді. Төрешілер есебі5:0. Енді ширек финалда Колумбия өкілімен кездеседі.

Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы. Каролайн Барбоза – былтыр Панамерика ойындарының жеңімпазы.

 

Айбек Оралбай жарыстан тыс қалды

Боксшымыз Айбек Оралбай (92 кг) Олимпиаданың ширек финалында Әзірбайжан өкілі Лорен Альфонсо Домингестен ұтылып қалды. Төрешілер есебі – 2-3. Отандасымыз осыған дейін Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада топ жарған (2018) және Азия чемпионы. Лорен Альфонсо Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ ол – әлем чемпионы және күміс жүлдегері, Еуропа ойындарының жеңімпазы.

 

М. Базарбайұлы қарсыласына есе жіберді

Боксшымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) аса тартысты айқаста грузин қарсыласы Лаша Гурулиден жеңіліп, Париж Олимпиадасында жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Есеп  – 2:3.

Айта кетейік, осыған дейін біздің командадан Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92), Махмұд Сабырхан (57 кг) мен Айбек Оралбай (92 кг) жүлдеге таластан тыс қалған.

 

Нұрлыхан Шархан екінші айналымнан аса алмады

Нұрлыхан Шархан (100 кг) Париж Олимпиадасындағы екінші белдесуінде өзбекстандық қарсыласы Музаффарбек Туробовтан ұтылып қалды. Екі палуан былтыр Ханчжоудағы Азия ойындарында, биыл Гонконгтағы Азия чемпионатында күресіп, бәрінде Музаффарбек басым түскен. Айта кетейік, Нұрлыхан алғаш рет Олимпиадаға қатысып тұр. Ол былтыр Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері деген атағы бар. Ал Туробов әлем чемпионы (2022), Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы (2024).

 

Арина Алтухова мен Александра Ле финалға шыға алмады

Париж Олимпиадасында әйелдер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуден іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Отандасымыз Александра Ле 587 ұпай жинап, 10-орынға жайғасты. Ал Ұлттық құраманың тағы бір мергені Арина Алтухова 586 ұпаймен 13-сатыдан көрінді. Енді ертең жақсы нәтиже көрсеткен 8 спортшы жүлделерді сарапқа салады. Тікелей эфир сағат 13:00-де басталады.

 

Дәулеткелді Жаңбырбай үшін Олимпиада аяқтады

Отандасымыз Дәулеткелді Жаңбырбай садақ атудан жекелей сынның іріктеуінде Хорхе Энрикестен (Колумбия) жеңіліп қалды. Есеп – 7:3. Ұлттық құрамадағы ең жас спортшымыздың біріне жеңіске деген жігер танытқаны үшін рақмет айтып, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз! Енді кешке жекелей сында Александр Еременко сынғы түседі. Уақыты 21:19-да.

Жалпы командалық есеп:

орын  мемлекет       алтын  күміс  қола

  1. Қытай      11         7        6

2 АҚШ.                       9        15         13

  1. Франция 8 11          8

20 Қазақстан              1         0          2