Париж-2024: бұрымды боксшылардың бәсекесі. LIVE
Париж Олимпиадасында боксшы Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды 24kz.
50 келі салмақтағы қазақ қызы 1/8 айналымда бразилиялық Каролин де Алмейдадан басым түсті. Енді Назым жартылай финал жолдамасын колумбиялық Валенсия Виктория Ингрит Лоренамен сарапқа салады. Париждегі бокс бәсекесін студия қонағы - әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаевамен талқылаймыз.
1. Түнде Назым Қызайбай ширек финалға шықты. Оның жекпе-жегіне қандай баға бересіз?
- Назым Қызайбай бокстан бірнеше мәрте әлем чемпионы атанды. Енді Олимпиада жүлдесі жетіспейді. Қызайбайдың Париждегі боксына қандай баға бересіз?
- Валентина Хальзова алғашқы айналымда панамалық Атейла Байлоннан жеңіліп қалды. 75 келі салмақта жұдырықтасқан жерлесіміздің нәтижесіне не айтасыз?
- Қазақстан әйелдер құрамасында енді Карина Ибрагимова бар. Оның қарым-қабілеті қалай? Қарсыластары туралы не айтасыз?
- Жігіттердің нәтижесі де төмен. Бес боксшымыз жарыстан шығып қалды. Мұхаммедсабыр мен Айбектің жеңілісінен кейін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырушыларға төрешілер жұмысына күмән келтіретінін мәлімдеп, арыз жазды. Бұл әрекет жекпе-жек нәтижелеріне әсер етпейтіні анық. Дегенмен алдағы уақытта төрешілердің жұмысы түзеле ме?