Париж-2024: бүгін жерлестеріміз 7 спорт түрінен сынға түседі

Париж-2024: бүгін жерлестеріміз 7 спорт түрінен сынға түседі

Бүгін Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасында 7 спорт түрінен сынға түседі.

Стенд атудан Эдуард Ещенко іріктеу кезеңін бастайды. Академиялық ескек есуден Владислав Яковлев жарысын жалғастырады.

Дзюдодан Камила Берліқаш татамиге шығады.

Жеңіл атлеттер де Олимпиада ойындарына араласады. Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева биіктікке секіруден іріктеуге қатысады.

Жүзуде Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жарысудан жүлдеге таласады.

Семсерлесуде Қазақстан ерлер құрамасы сайысқа шығады.

Бокста Нұрбек Оралбай, Сәкен Бибосынов, Карина Ибрагимова жұдырықтасады.

Батутты гимнастикада Данил Мұсабаев өнер көрсетеді. 

Стенд ату

12:30 – Эдуард Ещенко

Академиялық ескек есу

12:54 – Владислав Яковлев

Дзюдо

13:00 – Камила Берліқаш

Жеңіл атлетика. Биіктікке секіру

13:15 – Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева

Жүзу. 100 м баттерфляй

14:00 –  Әділбек Мусин

Семсерлесу

16:30 – Эльмир Әлімжанов

Руслан Құрбанов

Ерлік Сертай

Вадим Шарлаимов

Бокс

20:22 –  Нұрбек Оралбай

23:32 – Карина Ибрагимова

00:20 – Сәкен Бибосынов

Батутты гимнастика

21:00 – Данил Мұсабаев