Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто финалда өнер көрсетеді
Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто жүлдеге таласады, деп хабарлайды 24kz.
Ол әйелдер арасындағы іріктеуде 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіруден сынға түсіп, өз тобында мәреге бесінші болып келді. Уақыт көрсеткіші – 9 минут 16 секунд. Бұл нәтиже оның финалда өнер көрсетуіне толық кепілдік береді.
Айта кетейік, ол – Қазақстаннан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы. Сондықтан Олимпиада жүлдесіне үмітті басты фавориттердің қатарында.
Нора Джеруто, жеңіл атлетикадан ұлттық құрама мүшесі:
- Мен дәл осы жерде Қазақстанның атынан жарысқа шыққаным үшін қуаныштымын. Бұл - менің бірінші Олимпиадам. Өте бақыттымын. Жарыста жақсы жағымнан көріне алмаған сияқтымын. Ауыр болды. Енді финалдық жарысты күтеміз. Қолымнан келгеннің бәрін жасайтыныма сенімдімін.