Назым Қызайбай: Алтын медаль үшін барымды саламын
«Алтын медаль үшін бар күшімді саламын». Бокстан Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыққан Назым Қызайбай осылай дейді.
50 келіде сынға түсетін отандасымыз ширек финалда колумбиялық спортшыдан айласын асырып, ақтық сынға бір табан жақындады. Қола қолда болғанымен, алтын жолда. Ол шешуші кезең жолдамасын қытайлық боксшымен сарапқа салады.
Назым Қызайбай, бокстан ұлттық құрама мүшесі:
- Басында ағайымның айтуынша, ол қыз өте тәжірибелі болғандықтан, өзін күтпей, бірінші болып жұмыс істедім. Ең бастысы, қате жібермей, алдап істеуге тырыстым. Өйткені бұл жерде күшпен ештеңе ала алмайсың. Ең бастысы, ақылмен істеуге тырыстым. Әлем чемпионатында ең бірінші жекпе-жегімде осы қызға жеңіліп қалған болатынмын. Сондықтан есемді қайтардым. Өте қуаныштымын.