Парижде байдарка мен каноэ есуден ел намысын 6 спортшы қорғайды. LIVE
Байдарка мен каноэ есуден Париж Олимпиадасында ел құрамасының атынан 6 спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл Олимпиада Мария Боровкова, Руфина Исхакова мен Бекарыс Раматулла үшін алғашқы додалары болса, Сергей Токарницкий, Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов осыған дейін 2 мәрте ел намысын 4 жылда бір болатын байрақты бәсекеде қорғауға тырысқан еді. Топтағы ең жас спортшы – 19 жастағы Мария Боровкова. Ал үлкендердің көшін 31 жастағы Сергей Токарницкий бастап тұр.
Спорттың осы түріне қатысты сала маманы Байдарка мен каноэ есуден ҚРҰ құрама командасының мемлекеттік жаттықтырушысы Дәулет Сұлтанбековпен сұхбаттаспақшымыз.
- Парижде өтетін Олимпиада ойындарында, байдарка мен каноэде есуден, ерлер мен әйелдер арасында бес-бестен медаль жинағы беріледі екен. Біздің ескекшілеріміздің дайындығы қалай?
- Ескекшілердің соңғы оқу-жаттығу жиыны Польшада өткізгенін білемін. Бұл шешімге не себеп болды?
- Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова – Азиядағы ең мықты ескекшілердің бірі. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров та Азия ойындарының чемпиондары. Осы спортшыларымызды, медальге үміткерлер қатарында деуге бола ма?
- Сіз Азия ойындарының чемпионысыз әрі әлем чемпионаттарында өнер көрсеттіңіз. Айтыңызшы, осындай әлемдік ойындар атмосферасының ерекшелігі неде?
- Олимпиада басталар алдындағы спортшылардың жай-күйін де сіз жақсы білесіз. Дода алдындағы алаңдаушылық, үрейдің де болуы, қалыпты жағдай. Бұл сезімдерді спортшыларымыз қалай жеңеді?