Қазақстандық қос палуан жарыс жолынан шығып қалды

Грек-рим күресінен Олимпиадаға қатысқан Әлімхан Сыздықов пен Айдос Сұлтанғали жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды 24KZ.

Париждің Марс аренасына алғаш болып 130 келі салмақтағы Әлімхан Сыздықов шықты. Алғашқы белдесуде румыниялық Алин Алексук-Чиурариуды 3:1 есебімен жеңгенімен, ширек финалда әзербайжандық Сабах Шариатиге 0:4 есебімен жол берді.

60 келі салмақта сынға түскен Айдос Сұлтанғали іріктеудің алғашқы кезеңінде Қырғызстаннан шыққан екі дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековтен ұтылды. Есеп 6:3 болды.

Естеріңізге сала кетейік, грек-рим күресінен тағы 2 палуан, еркін күрестен тағы 4 спортшы алдағы күндері төртжылдықтың басты бәсекесінде өнер көрсетеді.