7 тамыз күні жерлестеріміз 5 спорт түрінен сынға түседі
7 тамыз күні спортшыларымыз Париж Олимпиадасында 5 спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды 24KZ.
Грек-рим балуаны Демеу Жадыраев 77 келі салмақтың финалында жапониялық Нао Кусакамен кездеседі. Тағы бір балуанымыз Нұрсұлтан Тұрсынов жарыс жолын бастайды.
Бокстан 80 келіге дейін салмақта Нұрбек Оралбай шешуші жекпе-жекте украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасады.Таеквондошы Самирхон Абабакиров жекпе-жекке шығады. Байдарка мен каноэде ескек есуден Бекарыс Раматулла, Сергей Емельянов жарысын жалғастырады. Тректегі велоспорттан Андрей Чугай өнер көрсетеді.