Париж-2024: Эльжана Таниева жарыс жолынан шығып қалды
Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының көшбасшысы Эльжана Таниева Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды 24KZ.
Өкінішке қарай, отандасымыз ақтық сынға өте алмады. 126.6 ұпай жинаған ол 13-ші орынға тұрақтады. Финалда үздік ондыққа кірген спортшылар бақ сынайтын болады.
Әлия Юсупова, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
- Енді бірінші рет Олимпиадаға қатысып жатыр. Әрине, 18 жаста. Әлі тәжірибесі аз. Бірақ енді спорт деген осындай да болады. Қобалжу деген бар. Әртүрлі нәрселер себеп.