Спортшы Әлішер Ерғали Бахрейн балуанынан жеңілді

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалында қарсыласына есе жіберіп алды.

97 келіге дейінгі салмақта белдескен ол әлем және Азия чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажу-диновтен жеңілді. Есеп: 2:14. Дегенмен Әлішердің Олимпиадада күресу мүмкіндігі әлі сақталуда. Егер Тажудинов финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысады. Жерлесіміз Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде мысырлық Мустафа Элдерсті тізе бүктірді. 97 келі салмақта сынға түскен отандасымыз қарсыласын 6:2 есебімен жеңді. Осылайша айқын басымдылықпен ұтып ширек финалға жолдама алған еді.