Париж-2024: Ауғанстандық спортшы сайыстан шығарылды
Париж Олимпиадасында босқындар құрамасы атынан брейк-данстан өнер көрсеткен ауғанстандық Манижа Талаш сайыстан шеттетілді, деп хабарлайды 24kz.
Оған үстіне киген шапанындағы жазу себеп болған. Онда «Ауған әйелдері тәуелсіз» деген ұран тағылған. Бұл туралы Дүниежүзілік би спорты федерациясы, Олимпиаданың брейк басқарушы органы хабарлады. Сайыс ережесіне сәйкес, ойын алаңында саяси мәлімдеме жасауға, ұранға тыйым салынған. Ауғанстандағы талибандардың әйелдерге қатысты шектеуі, спортшыны осындай әрекетке баруға итермелепті.