Назым Қызайбай елге оралды
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды.
Жеңімпазды Алматы әуежайынан дүйім жұрт қарсы алды.
Парижде өткен Жазғы олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы бокстан ел қоржынына қола медаль салған Назым Қызайбайды Алматы әуежайында осылай думандатып қарсы алды. «Жеңіске жеткенімді енді сезініп тұрмын. Ел-жұртыма құрметім шексіз. Осы жетістіктің артында жүздеген адамның еңбегі жатыр. Әсіресе жеке жаттықтырушымның үлесі зор , дейді боксшы қыз.
Назым Қызайбай, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері:
- Қолдауды нақты сездім. Осы жетістік жаттықтырушымның арқасы. Қаншама жыл еңбек еттік. 1-2 апта демалып, іс-шараларға қатысып, содан кейін тренермен ақылдасып алған жоспар қойып алдағы жарыстарға қарай жоспарлаймыз.
Назым әлемдегі мықты спортшылардың қатарынан екенін дәлелдеді. Бұл Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарған. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.
Толқынжан Кәмеков жаттықтырушы:
- Қола медаль алып келдік, 4 кездесу өткіздік. Қазақстан чемпионатын ұтып, лицензия алып, олимпиадаға қатысып 4 кездесу өтікізіп 4-де ұтылып қалды. Ұтылғанда да былай ұпай санымен. 2019 Жоспарымыз бар мен ойлаймын Назым спортты қойған жоқ. Келесі Олимпиадада алтын алып келеміз.
Назым 13 жасынан бастап, спорт мектебінде оқып, тұрақты түрде айналыса бастаған. Үйдегі алты баланың үшіншісі. Анасының айтуынша, жаттығу қанша қиын болса да тастап кетпеген. Қайта шыныға түскен. Арманы Олимпиада чемпионы болу едіі. Ата-анасы Назым рингке шыққанда көріп отыра алмаймыз.. Соңында нәтижесін естиміз. Мүмкін біздің қобалжып тұрғанымызды сезіп тұратын шығар деген ой болады, дейді.
Кәмшат Ахетқызы, Н. Қызайбайдын анасы:
- Көрем. Тура рингке шыққан кезде қобалжып отырам көре алмаймын. Бокс біткеннен кейін көрем жеңді деген кезде бәрінің қолынан келмейді ғой. Біз үшін жетіістік.
Абай Қызайбайұлы, Н.Қызайбайдың әкесі:
- Қарсы болған жоқпын басынан. Қыз бала болғаннан кейін көр дедім. Қолын қайтарған жоқпын. Соған жақын болды ғой.
Назым аздаған үзілістен кейін жаттығуға қайта кіріспек. Алда оны жеңісті күндер күтіп тұр.
Қарлығаш Қайыпбекова, Сұлтан Бейскенов
КТМ: Назым аздаған үзілістен кейін жаттығуға қайта кіріспек. Алда оны жеңісті күндер күтіп тұр.
Қарлығаш Қайыпбекова, Сұлтан Бейскенов