V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билеттер сатылымы басталды
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билеттер сатылымы басталды, деп хабарлайды 24kz.
Ойындардың ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Билет құны 15 000 теңгеден басталып, 50 000 теңгеге дейін болады. Ал спорттық ойындарға кіру құны қанша? Жалпы билет құнында жеңілдіктер қарастырылған ба?
Күзге салым өтетін әлемдік этноспорттың басты оқиғасына 89 елден 2 мыңнан аса спортшы қатысады. Спорт бағдарламасына 21 спорт түрі кіреді. Жарыстарға орташа билет құны 3600 теңгені құрайды. Қазақ күресі, алыш және көрәш Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді және билеттер 2500 теңгеден 7500 теңге аралығында болады. Ал «Алау» мұзайдынында асық ату, ордо, мас-рестлинг, күрәш, арқан тарту және ашыртмалы аба гүреші бойынша жарыстар өтеді. Билет құны 1000-3000 теңге аралығында. Көкпар, көк бөрі және бәйге бойынша тартысты жарыстар «Қазанат» ипподромында өтеді. Билет құны 2000-15000 теңге көлемінде болмақ. Этноауылда жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік, сондай-ақ алыптар сайысы жарыстарын көруге болады. Аталған спорт түрлері бойынша билеттер 1000теңгеден басталып, 2000 теңгеге дейін болады.
Көрермен көзайымына айналған дәстүрлі садақ ату спорты бойынша бәсекелер «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде өтеді. Билеттер құны 600 теңгеден басталып, 3000 теңгеге дейін барады. Ал дәстүрлі зияткерлік ойындар саналған тоғызқұмалақ, мангала және овари жарыстары көрермендерсіз өтеді. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін әртүрлі жеңілдіктер қарастырылған. 50% жеңілдік мектеп оқушылары мен зейнеткерлер үшін қолжетімді. Ал 5 жасқа дейінгі балалар мен I және II топтағы мүгедектер билеттерді тегін ала алады.
Билет құны
Көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты – 15000-50000 теңге
Қазақ күресі, алыш және көрәш – 2500-7500 теңге
Асық ату, ордо, мас-рестлинг, күрәш, арқан тарту және ашыртмалы аба гүреші – 1000-3000 теңге
Көкпар, көк бөрі және бәйге – 2000-15000 теңге
Жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік, алыптар сайысы – 1000-2000 теңге
Дәстүрлі садақ ату – 600-3000 теңге
Жеңілдіктер
Мектеп оқушылары мен зейнеткерлерге – 50%
5 жасқа дейінгі балалар мен i және ii топтағы мүгедектерге – тегін
Аударыспақтан ұлттық құрама дүбірлі додаға дайындалып жатыр
Аударыспақтан Қазақстан ұлттық V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр. Жаттығу жұмыстары Алатау бөктерінде орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында өтуде. Ол жерде елдің түпкір-түпкірінен үздік деп танылған 12 аударыспақшы бар. Оның ішінен ең мықты деген алты спортшы іріктеліп, дүбірлі додада ел намысын қорғайды. Көшпенділер ойындарында аударыспақ спорты бойынша жарыстар 8-10 қыркүйек күндері этноауылда өтеді деп жоспарланған.+++СНХ
Тұңғыш рет Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді
Көшпенділер ойындары қарсаңында елімізде тұңғыш рет «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді. Оған Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка Республикасы мен Ресейден 20-ға жуық команда қатысады деп күтіліп отыр. Шабандоздар 500 шақырымды еңсеруі тиіс. Марафон-бәйге 5 мың жыл бұрын адам баласы жылқы малын алғаш рет қолға үйреткен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекенінде басталады. 3-7 қыркүйек аралығында өтетін ауқымды спорттық шарада әлемдегі үздік жылқы тұқымы анықталмақ.
Америкалық боксшы Ж.Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
«Жәнібекпен төбелескім келеді». Америкалық боксшы Qazaq Style-ды жекпе-жекке шақырды.
Былғары қолғап шебері Чордейл Букер Boxing News-ке берген сұхбатында: «Ең алдымен Остин Уильямспен жекпе-жек өткізіп, жеңіліс үшін кегімді алғым келеді. Алғашқы кездесуде мен бабымда болмадым, сондықтан реванш керек. Ал, егер жекпе-жек бермесе қайғырмаймын. Ондай жағдайда чемпиондардың соңына түсем. Эрисланди Лара, Карлос Адамес және Жәнібек Әлімханұлымен төбелескім келеді», деді.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы биыл 14 шілдеде жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасуы керек болған. Алайда, салмақ қуу кезде ол талып қалып, ауруханадан бір-ақ шықты. Салдарынан жекпе-жек өтпейтін болды.
«Ордабасы» Арменияға жолға шықты
Былтырғы премьер-лига чемпионы «Ордабасы» Арменияға жолға шықты. Шымкенттік ұжым ол жақта Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Пюникке» қарсы қарымта матч өткізеді.
Айта кетейік, алғашқы кездесуде жерлестеріміз 0:1 есебімен ұтылған болатын. Енді қарымта ойын 15 тамыз күні Армения астанасы Ереванда өтеді.