Алматы облысында грэпплингтен ҚР чемпионаты басталды

Алматы облысында грэпплингтен жастар мен жасөспірімдер арасында республика чемпионаты басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Оған 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Үш жас ерекшелігі бойынша жалпы саны 80 награда сарапқа салынады. Мақсат – мықты спортшыларды анықтап, соларды болашақта құрама командаға қабылдау. Себебі алдағы қыркүйек айында Астанада жасөспірімдер арасында грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Оған 40 мемлекеттен спортшы қатысады.

Дәулет Ауданбаев, Алматы облыстық грэпплинг федерациясының президенті:

- Екі күн бойы сайыпқырандарымыз кіл мықтыларды анықтайтын болады. Осы 14-15 жас арасында бірінші, екінші орын алған балалар әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Бұл аталмыш шараны біз елімізде, өздеріңіз білесіздер, Париж Олимпиадасы жеңімпаздарының, Париж Олимпиадасында өнер көрсеткен спортшылардың құрметіне арнаймыз.