Овариден ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр
Төрткүл дүние көз тіккен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына санаулы күн қалды, деп хабарлайды 24kz.
Байрақты бәсекеде шетелден келген спортшылар ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан бөлек, Батыс Африка елдерінің овари атты зияткерлік ойынынан өзара мықтыны анықтайды. Жыл басында Қызылорда қаласында аталған спорт түрінен тұңғыш рет ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне 27 спортшы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша қөшпенділер ойындарында овариден ел намысын қорғайтын 4 спортшының есімі белгілі болды. Қазір ұлттық құрама айтулы жарысқа дайындалып жатыр.