Мария Бровкова ескек есуден әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Мария Бровкова әлем чемпионатында жүлдеге ілікті, деп хабарлайды 24kz.
Қазақстандық ескек есу шебері Өзбекстаннның Самарқанд қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік додадаға қатысқан еді. Ол байдарка мен каноэде ескек есудің 500 метрлік бәсекесінде бақ сынап, ақтық сында үздік үштікті түйіндеді. Алтын және күміс медальді, сәйкесінсінше, Украина мен Чили спортшылары жеңіп алды.
Қазақстандық балуан әлем чемпионатында күміс алды
Едіге күміс, Бақдәулет қола жүлдегер атанды. Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні еркін күрес бойынша медальдар жиынтығы сарапқа салынды және нәтижесінде қос қазақ баласы жеңіс тұғырына көтерілді.
Атап айтқанда, 110 келіде бақ сынаған Едіге Қасымбек финалға дейін жетіп, ақтық сында америкалық Михаил Жосеп Моккодан ғана ұтылды.
Айта кету керек, Едіге былтыр да күміс медаль алған болатын. Яғни, әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері атанып отыр. Сондай-ақ екі жыл қатарынан Азия чемпионатында топ жарды. Едігеден бөлек, 65 келіге дейінгілер арасында Бақдәулет Әкімжан қола медаль жеңіп алды. Ол кіші финалда грузиялық балуаннан басым түсті. Бұған қоса, ұлттық құрама өкілдері қыздар күресінде 3 қола, ал, грек-рим күресінде 2 күміс жеңіп алды.
Велоспорттағы тарихи жетістік
Тарихи жетістік. Қазақстандық Данияр Шаяхметов әлем чемпионатында жүлдеге ілікті. Велотректер жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода Қытайдың Лоян қаласында өткен болатын. Оған 47 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. Ұлттық құрама өкілі Данияр Шаяхметов велотректің спринт бағытынды сынға түсіп, нәтижесінде мәре сызығын екінші болып кесті.
Айта кету керек, Данияр аталмыш спорттық бағыт бойынша ел тарихында алғаш медаль жеңіп алып отыр. Оның бапкері Павел Воржевтің да еңбегін ерекше атап өту керек. «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы жеткен жетістікке тоқмейілсіп тұрған жоқ. Ол ертең елордаға оралады және сәл тыныққаннан кейін кезекті құрлықтық және әлемдік додаларға дайындықты бастамақ.
Қазақстан Тәжікстан құрамасын ұтты
Қазақстан Тәжікстан құқрамасын ұтты. Футзалдан әлем чемпионатында дайындық қыза түсті. Яғни, бірер аптадан кейін Өзбекстанда дүниежүзілік дода басталады. Осы тұрғыда ұлттық құрамамыз бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Атап атйқанда, Тәжікстан, Аргентина және Иране құрамаларымен жолықпақ. Бүгінге дейін Тәжікстан құрамасымен 2 рет кездесті және екеуінде де Рикардо Кака баптайтын жігіттер жеңіске жетті. Соңғы матч демалыс күні ұйымдастырылды және Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен басым түсті. Жерлестеріміз арасынан Арнольд Кнауб, Жуниор Дуглас және Азат Валиуллин мергендігімен көзге түсті. Тіпті Азат дубльдің авторы атанды. Ұлттық командамыз астанадағы жаттығу жиынын жалғастырады және алдағы күндері дәл осылай Иран құрамасымен қос матч өткізуі керек. Ал, Аргентинамен кездесу Алматы қаласында болады. Одан кейін, нақтырақ айтқанда, 10 қыркүйек күні Өзбекстанға аттанады.
Бокс: Дычко мен Жалолов кездесуі мүмкін
Дычко Жалолов үшін оңай қарсылас болады. Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын қылышов осындай пікір білдірді.
Айта кетейік, бірнеше күннен бері аса ауыр салмақтағы қос мықты, яғни, қазақстандық Иван Дычко мен өзбекстандық Бахадүр Жалолов кәсіпқой рингте кзедесуі мүмкін деген ақпраат тарап жатыр. Осы тұрғыда Жалоловтың жаттықтыратын маманы өз ойын алға тартқан болатын. «Иван Дычко бабында тұрған кезде біздің жас боксшымыз Жалоловты жеңген еді. Ол кезде Жалолов ересектер санатына жаңадан қосылған болатын. Мен Дычконы сыйлаймын. Ешқандай менсінбеушілік жоқ. Егер жекпе-жек өтетін болса, онда Дычко Жалолов үшін оңай қарсылас болады. Боксты түсінетіндердің барлығы Жалоловтың қазіргі деңгейін біледі», - деді Толқын Қылышев.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Өзбекстандық Баходир Жалолов та кәсіпқой рингте 14 рет жұдырықтасып, бәрін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Бұған қоса, ол жуырда ғана Париждегі жазғы ойындарға қатысып, 2 дүркін олимпиада чемпион атанды. Дычко мен Жалолов әуесқой бокста өзара төрт рет кездесіп, төртеуінде де жерлесіміз жеңіске жетті.