Қарағандыда шахматтан халықаралық турнир басталды

Қарағандыда шахматтан Қарағанды облысы әкімінің бірінші ашық кубогы басталды, деп хабарлайды 24kz.

4 қыркүйекке дейін жалғасатын турнир ерлер және әйелдер арасында өтуде. Шараны Қазақстан Шахмат федерациясы мен Қарағанды облысының әкімдігі ұйымдастырған. Турнирге Қазақстан, Армения, Ресей, Үндістан, Швеция, Украина, Польша, Моңғолия, Испанияның ең мықты шеберлері қатысып жатыр. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Турнирдің ең жас қатысушы 7 жаста. Сайыстың жалпы жүлде қоры – 6 миллион теңге. «Айтулы жарыс кеншілер аймағында шахматты дамытуға оң серпін береді», - дейді әлем біріншілігінің жүлдегері Зейнеп Сұлтанбек.

Зейнеп Сұлтанбек, шахматтан әлем біріншілігінің жүлдегері:

- Осы турнирге қатысып жатқаныма қуаныштымын. Себебі бұл бізге өте көп тәжірибе әкеледі. Әлемнің 8 елінен, алыс-жақын жерлерден келіп тұр. Өте маңызды жаттығу ойындарының бірі болып есептелінеді.  Себебі біз өзіміздің осы уақытқа дейін қараған, шығарған дебюттарымызды шығарып, тексеріп көреміз.