Астанада шахматтан «Senat Open Cup» республикалық турнирі басталды
Астанада алғаш рет шахматтан «Senat Open Cup» республикалық турнирі басталды. Іріктеу кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам әуесқой ойыншы қатысқан, деп хабарлайды 24KZ.
Олардың 120-сы үздік атанып, бүгін финалдық кезеңде бас қосты. Шараның ашылу салтанатына Сенат төрағасы қатысты. Мәулен Әшімбаев өз сөзінде зиялы ұлтты тәрбиелеудегі шахматтың алатын орны ерекше екенін атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- 4 айға жалғасқан сайыс елімізде мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Іріктеу кезеңіне 2 мыңға жуық шахматшы қатысты. Олардың арасында Парламент және мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері және БАҚ өкілдері бар. Осы ретте финалдық ойындар санаулы күндерден кейін Астанада басталатын Көшпенділер ойыны қарсаңында символикалық маңызы зор екенін атап өткім келеді.
Мұндай турнирді жыл сайын өткізу көзделді. Жалпы қазір елімізде шахматқа әуестенуші жасар көбейген. Ел тұрғындарының 20%-і осы спорт түрімен айналысады. Айта кету керек, қазір елімізде шахматты дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданған.
Тимур Турлов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті:
- Биыл елімізде шахмат факультатив пәні ретінде 700-ден астам мектепте қосылуы керек. Әрі қарай оны 7 мыңнан астам мектепке енгізу жоспарда бар. Қазір IT-платформа дайындап жатырмыз. Онда шахмат ойнауды үйрететін мұғалімдерді дайындаймыз.