Еркін Ғаббасовтың анасы қуанышымен бөлісті

Нысана көздеуден паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері елге оралды.

Еркін Ғаббасовты Астана әуежайында жанкүйерлер құрметтеп, қошеметтеп қарсы алды. Жанкүйерлер қатарында спортшының анасы, туған-туыстары, жерлестері бар. Жүлдегер әуежайдағы мерекелік көңіл-күйді көріп, көпшілікке алғысын білдірді.

Күлтай Ғаббасова, анасы:

- Тәуба, шүкіршілік деймін осындай халге жеткізді. Өте қуандым, қуаныштымын, өзінің жігерлігімен, өзінің ұмтылысымен осындай халге жетті. Аттанғанда қорықтым, бүкіл Қазақстан енді осыған сеніп, жіберіп тұр ғой. Алла бір жеңілдігін бере гөр, бір жақсылығын бере гөр деп тілеп отырдым.