ДКО-ға дайындық. Жүйріктеріміздің жағдайы қалай? LIVE

Бірнеше күннен кейін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады.

Оған 89 елден 2,5 мыңға жуық қатысушы келеді. 21 спорт түрінен жарыс өтеді. Ойынның көркін қыздыратын бәйгеге дайындық қалай? Студияға Бәйге федерациясының атқарушы директоры Алтай Бименді шақырдық. 

  1. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қалай? Ел аузында жүрген Талхиз, Жұмыртұяқ атты тұлпарлар дүбірлі додаға қосыла ма?
  2. Жалпы ел намысын қорғайтын тұлпарлар қалай іріктелді? Олар қазір ерекше күтімде шығар? Таңдаулы жүйріктер елордаға келді ме?
  3. Осыдан біраз күн бұрын қырғыздың Қарағызы келді деп ақпар бердік, енді міне өзбектер де аламанға ат қосады деп айтып жатырмыз. Көрші елдердің бәйгеден қарым-қабілеті қалай?
  4. Енді айтулы доданың жүлделеріне тоқталсаңыз?
  5. Тұлпарды тұяғынан таныған Күреңбайдың ұрпағымыз ғой, жалпы бәйге спортынан қанша алтын аламыз деп топшылап отырсыз? Бәйге федерациясының директоры ретінде өз ойыңызды айтсаңыз.

Алтай Бимен, Бәйге федерациясының атқарушы директоры