Франция құрамасы Көшпенділер ойындарында алғаш рет бақ сынайды
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Францияның ұлттық құрамасы алғаш рет қатыспақшы, деп хабарлайды 24KZ.
Спортшылар спорттың 2 түрі бойынша бақ сынайды. Ат үстінде отырып, садақ атудан француз мергендері осал емес. Команда құрамында әлем чемпиондары бар. Француздар овари атты зияткерлік сайысқа да қатысады. Бұл ойын түрі Африка елдерінде кең тараған. Қазақша тоғызқұмалаққа ұқсайды. Делегация жетекшісі: «Көшпенділер ойындарында спортшылар тек күш сынасып қоймай, жаңа спорт түрлерімен танысады», – дейді.
Жауад Бустани, Франция делегациясының жетекшісі:
- Көшпенділер ойындары – елімізді басқа қырынан танытуға зор мүмкіндік. Біз үшін бұл – жаңа дүние. Өйткені оған алғаш рет қатысқалы отырмыз. Ондағы спорт түрлері Париж жазғы Олимпиада ойындарындағыдай емес. Дәстүрлі ойындар. Сондықтан бұл ойындардан үйренеріміз көп деп ойлаймын.