Америкалық ковбойлар Қазақстанға келді

Америкалық ковбойлар Қазақстанға келді, деп хабарлайды 24kz.

Олар Дүниежүзілік көшпенділер ойынында екінші рет сынға түскелі отыр. Мұхиттың арғы бетінен келген қонақтарды Астана әуежайына жиналған ұйымдастырушылар мен еріктілер құшақ жайып күтіп алды. АҚШ-тың атынан 8 адам келген. Олар көкпар мен аударыспақтан сынға түседі. Алайда Америкадан ат әкелу мүмкін болмағандықтан, қазақстандық тарап дайындаған арнайы тұлпарлармен жарысқа қатысады. Ұйымдастырушылар жылқысыз келетін елдерге 300 ат әзірлеп қойған.

Майк Сейбор, спортшы:

- Мен Техас штатынан келдім. Көкпармен, көкбөрімен 7 жылдан бері айналысамын. Қазақстандық көкпаршыларды әлемдегі ең мықты спортшылар деп білемін. Осыған дейінгі сайыстарда өз мықтылығын бірнеше рет дәлелдеген. Енді ойындарға дейін қаланы аралап, жаттығып, түрлі экскурсияларға бармақшымыз.

АҚШ-тан бөлек Үндістан, Бангладеш, Қатардан да бірнеше спортшы келді. Басым бөлігі ат үстінде садақ тарту, жамбы ату секілді ойын түрлерінен сынға түседі.

Бадр Мубарак Альмарри, спортшы:

- Қатар елінен бір өзім келдім. Садақ атумен айналысамын. Көшпенділер ойынына екінші рет қатысқалы отырмын. Осыдан 2 жыл бұрын Түркияда өткен ойындарда бақ сынадым. Қазіргі көңіл-күйім керемет. Алдағы жарыста барынша жоғары деңгейде өнер көрсетіп, биік тұғырдан көрінуге тысысамын.