Алматыда Қазақстан – Норвегия футбол додасы басталды
Алматыда УЕФА-ның Ұлттар лигасы аясында Қазақстан – Норвегия футбол додасы басталды, деп хабарлайды 24kz.
Құрамында әлем футболының жұлдызы Эрлинг Холанн бастаған скандинавиялықтар матчтың фавориті саналғанымен, жерлестеріміз «жеңісті қолдан бермейміз», дейді. Біздің алматылық тілшіміз Алмас Садуақас Орталық стадионнан тікелей эфирге қосылып, дода барысынан ақпарат тартуға әзір.
Бұл кездесуге барлық билет алдын ала сатылып кетті деген ақпар бар. Жалпы стадион жанкүйерге толы болар.