Қазақстан құрамасы таяқ тартыстан қос қоланы иеленді. LIVE
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бүгін қыза түсті.
Алау кешенінде ұлттық спорт түрлері асық атудан, өзбектің белдесуі кураштан және Саха-якутиялық спорт мас-рестлинг, яғни таяқ тартыстан сайыстар өтіп жатыр.
Кристина Танасе, бес асықтан Румыния құрамасының мүшесі:
- Мен – бастауыш сынып мұғалімімін. Осындай жарыстарда асық атудың қыр-сырына қанығып, балаларға үйреткім келеді. Осылайша, Румынияда асық ойындарын кеңірек танытуға болады деген сенімдемін. Жалпы бес асықтан алғаш рет халықаралық бәсекеде бағымды сынап жатырмын. Қазақстанға тұңғыш келуім. Кешегі салтанатты ашылу рәсімінен керемет әсер алдым. Әр ойынның түп-тарихы тереңде жатыр, мәнісін салтанатты ашылуда жақсы көрсетілді.