Жамбы атудан Қазақстан құрамасы алға шықты

Жамбы атудан жалпы есепте қазақстандық садақшылар І орында, деп хабарлайды 24KZ.

Мергендеріміз 4 стиль бойынша сайысқа түсіп, 6 медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын, екеуі күміс. Қоржынымызда тағы қос қола бар. Біздің спортшылар төл өнерімізбен қатар түрік және корей стилінде жүлде салды. Жарыстың соңғы күні мергендер бақан басындағы тайтұяқты атып түсіруге тырысты.

Батыр Бексауыт, жамбы ату турнирінің жеңімпазы:

- Тайдың тұяғындай кішкентай алтынды ілетін болған баяғыда. Сондайды 8 метр биіктікке іліп, соны атқызды. Қылды үзу керек атпен шауып келе жатып, Аллаға шүкір, оған да 2000 АҚШ долларын тікті Еркебұлан ағамыз. Ол да маған бұйырып, сол жерде мерейім үстем болып.