Қытайдан велосипедпен келген азаматты елордалықтар құшақ жая қарсы алды

Қытай Халық Республикасының Іле Қазақ облысында туып өскен Айбар Тұрсынбайұлы Ұлы дала дүбірін көру үшін 1800 шақырымды артқа тастап, елордаға келді, деп хабарлайды 24kz.

28 тамыз күні жолға шыққан ол «велосапардың басты мақсаты – екі ел достығының жоғары дейгейде екенін көрсеткім келді», дейді. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалауға жол қиындығына байланысты уақытында үлгере алмаған. Алайда Астанаға аман-есен жеткен ол Аламан жарысты, Құсбегілік сайысын көргеніне қуанышты. 16 күн жол жүріп келген Айбар Тұрсынбайұлын астаналық ағайын құшақ жая қарсы алды.

Айбар Тұрсынбайұлы, велошабандоз:

- Екі елдің достығының арқасында Көшпенділер ойынын тамашалайын деп келдім. Алдын ала келуге болатын еді, бірақ ауа райы жақсы болмай қалды. Сол себепті ең соңғы күніне келсем де қуанып тұрмын.