Көшпенділер рухын асқақтатқан дүбірлі дода. LIVE
Көшпенділер ойынының Қазақстанда өтуінің мән-маңызын Мемлекет басшысы дүбірлі доданың ашылу салтанатында ашып айтты, деп хабарлайды 24kz.
«Көшпенділер өркениеті – дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырған өркениет. Ұлы дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны мекен еткен. Олар жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді, сол замандағы озық технологияның иесі болды. Көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретті. Дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырды. Қуатты қару-жарақ пен ғажайып зергерлік бұйымдар жасап шығарды. Сақ дәуірінің Алтын адамдары – соның айқын дәлелі», - деді Президент. Мәресіне бүгін жеткен халықаралық ойындардың мән-маңызы турасында студиямыздың қонағы – Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменовпен әңгімеллессек.
- «Қазақстан» дегенде ең әуелі ұлан-ғайыр территорияны айтамыз. Бұл – рухы биік көшпенділер бізге мұра етіп қалдырған Ұлы Дала.
«Көшпенділер өркениеті – нағыз көнекөз өркениет. Шын мәнінде, көшпенді халықтар барлық құрлықта бар. Олардың ізін Еуропа мен Азиядан, Африка мен Америкадан көруге болады», деді Президент.
- Осы жерде ежелгі Ғұн империясы, одан соң Түрік қағанаты салтанат құрды. Олардың даңқты жолын Алтын Орда мен Қазақ хандығы жалғастырды. «Көшпенділердің мәдениеті, рухани қазынасы, құндылықтары – ортақ. Көшпенді халық – ең алдымен, рухы азат жұрт. Көшпенділер үшін өмір – мәңгілік қозғалыс. Олардың әр қадамы – жаңа әлемге жасалған жасампаз қадам», деді Президент.
- «Біз – ежелден қонақжай халықпыз. Жаңалыққа жаны құмар, түрлі мәдениетке ашық жұртпыз. Біздің өмір салтымыз табиғатпен ерекше үйлесім тапқан. Көшпенділер – тумысынан қайсар халық.
Біз – даңқты көшпенділердің мұрагеріміз, батыр бабалардың ұрпағымыз. Олар ел мен жерді қорғап, ұлан-ғайыр даланы бізге аманат етті. Осы қастерлі мұраны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау – бәрімізге ортақ парыз», деді Президент.
Спикер: Әлихан Бәйменов, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті.