Эстондық спортшы Босфор бұғазының үстімен қыл арқанмен жүріп өтті

Ыстанбұлдың Азия мен Еуропа бөлігін бөліп жатқан көпірді эстондық спортшы арқанмен жүріп өтті.

Слэклайн бойынша үш дүркін әлем чемпионы Босфор бұғазының үстімен бірнеше шақырым жолды жаяу жүрген. Жыл сайын миллиондаған адам бұғаздан көлікпен, кемемен өтеді. Осылайша, басын қатерге тіккен спортшы биіктікте тартылған арқанмен жүріп өткен бірінші адам болды. Осыған дейін ол Италия мен Сицилия аралы арасындағы Мессина бұғазынан өткен.