Ризабек Айтмұқан тағы да әлем чемпионатында белдеседі
Испанияда 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған жерлесіміз енді қазан айының соңында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Дүниежүзілік біріншілікте күрескелі отыр. Бұл туралы балуанның жеке бапкері Қанат Жолдасбеков хабарлады.
Ол Ұлттық олимпиадалық комитетіне берген сұхбатында: "Бүгінде Ризабек олимпиадалық салмаққа толық үйренді. Жарты жыл ішінде бұл салмақтағы ТОП-8 қатарына енетін балуандардың бәрімен кездесті. Албаниядағы әлем чемпионатына осы салмақтағы үздік балуандар жиналады. Сондықтан 20 қыркүйектен бастап қайтадан жаттығу жиынына кірісеміз", - деді. Айта кетейік, аталған турнир 21-27 қазан аралығында Албания астанасы Тиранада өтеді.