Шахмат олимпиадасы: 5-турдың қорытындысы

Мажарстан астанасы Будапеште шахматтан 45-ші Олимпиада жалғасып жатыр.

Бесінші турда жерлестеріміз Үндістан мен Румыния командаларымен шеберлік байқасты. Блиц түрлері бойынша Үндістанға қарсы ойында 2 дүркін Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева жеңіске жетті, ал Ксения Балабаева тең түсті. Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрман қарсыластарына есе жіберді. Ерлер бәсекесінде Денис Махнев, Рамазан Жалмаханов және 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы Қазыбек Нөгербек қарсыластарымен тең тарқасса, Алдияр Аңсат жеңіліс тапты.

Бес турдың қорытындысы бойынша командамыздың еншісінде 8 ұпай бар. 183 мемлекет қатысып жатқан бәсекеде отандастарымыз 12-орында келе жатыр.