Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырды
Қос боксшының салмақ ауыстырғаны жөнінде құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.
"Бапкер Азия чемпионатына ең мықты деген боксшыларды апарамыз. Құрлық додасы қарсаңында біраз боксшының салмақ дәрежесі ауыспақ. Махмұд Сабырхан 54 келіде күш сынап көреді. Серік Теміржанов 60 келіге, Айбек Оралбай +92 келіге ауысып жатыр. Қамшыбек екеуін бақылаймыз, егер Қоңқабаевтың салмағы аздау боп жатса, 92 келіге түсірерміз. Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісінде", - деді. Айта кетелік, Париж Олимпиадасында Махмұд Сабырхан 57 келіде, Айбек Оралбай 92 келіде сынға түскен болатын.